Accessibility links

Назарбаев пен Жээнбеков телефонмен сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, телефон әңгімесі барысында президенттер екі елдің ынтымақтастығы мен алдағы жоспарларын талқылаған. Телефонмен әңгіме кезінде аймақтағы мәселелер мен алдағы кездесу жайы да сөз болған. Ақорданың хабарлауынша, телефонмен сөйлесуге Қырғызстан тарабы ынта білдірген.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков биыл 15 наурызда өткен Орталық Азия елдері президенттерінің жиынында кездескен. Сол кезде Қырғызстан президенті екі елдің арасындағы мәселелердің біртіндеп шешіліп жатқанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG