Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында дала өртін сөндіріп жатыр

Төтенше жағдай қызметкерлері Қырғызстанмен шекарадағы таулы аймақта шыққан өртті сөндіріп жатыр. Жамбыл облысы, 7 тамыз 2018 жыл (Сурет Қазақстан Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтынан алынды).

Қырғызстанның Талас облысы Алмалуу жайлауында шыққан өрт Қазақстан аумағына өтті. Қазақстан жағынан өртті 150 адам мен 10 техника сөндіріп жатыр. Бұған қоса, өртті сөндіруге тікұшақ тартылды.

Талас облысы Манас ауданы аумағындағы Алмалуу жайлауында 5 тамызда қураған шөп өртене бастаған. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жайлаудағы өрт 28 маусымда тұтанғанын хабарлады. Өрт 4 тамызда сөндірілгенімен, ертесіне өрт қайта тұтанып, шамамен екі мың гектар жерді шырпыған.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің 8 тамыз күні хабарлауынша, республикалық "Қазавиаорманқорғау" мекемесі тікұшақпен өрт аумағын әуеден бақылап, Қырғызстанның Талас облысымен шекарасындағы жетуі қиын Қайыңдысай шатқалында қураған шөп өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт аумағы шамамен 200 гектар деп бағаланып отыр.

Қырғызстан төтенше жағдайлар қызметі де өз аумағындағы өртті сөндіріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG