Accessibility links

Бішкектің жаңа мэрі сайланды


Азиз Суракматов, Бішкектің жаңа мэрі. 8 тамыз 2018 жыл.

Бішкек қалалық кеңесі 46 жастағы Азиз Суракматовты қала мэрі қылып тағайындады. Қалалық кеңестегі 45 депутаттың 43-і Суракматовтың кандидатурасын қолдап, біреуі қарсы дауыс берді. Қала мэріне Суракматовтан басқа кандидат тіркелмеген.

Суракматовтың кандидатурасын қалалық кеңесте көпшілік орынға ие коалиция ұсынады. Одан өзге, кеңестегі азшылықты құрайтын фракция мен премьер-министрдің де өз кандидатын ұсынуға өкілеті бар. Алайда, азшылық фракция кандидат ұсынбады, ал премьер қандай кандидат ұсынатынын жарияламады.

Шу облысының тумасы Азиз Суракматов 2000-2002 жылдары Бішкек қалалық мэриясының бөлім меңгерушісі, 2002-2008 жылдары бас сәулетшінің орынбасары болған. 2008 жылы депутат, кейін Бішкек қалалық кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Азиз Суракматовтың "Елизавета", "Столица строй" және "Ливерпуль" құрылыс компанияларымен байланысы бар делінеді. Бұл компаниялар Бішкектің орталығында көпқабатты ғимараттар мен коммерциялық нысандар салумен айналысады.

Бішкек мэрін сайлауда наразылық акциялары болды. Белсенділер мэрді төте сайлауды талап етті. Олар мэрді Бішкек тұрғындарының өзі сайлауы тиіс деп есептейді. Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін белсенділердің мұндай өтінішін қабылдамай қойған.

Бішкектің бұрынғы мэрі Албек Ибраимов қызметінен қалалық кеңес депутаттары оған сенімсіздік білдірген соң кеткен. Кейін оны Мемлекеттік қауіпсіздік ұлттық комитеті сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті деп таныған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG