Accessibility links

Шымкент соты экс-директордың прокуратураға шағымын қанағаттандырмады


Еңбекші аудандық сотының судьясы Ерғали Мәуленов мектеп экс-директоры Эльмира Тілеуованың Түркістан облысы прокуратурасына қарсы шағымы бойынша сот шешімін оқып тұр. Шымкент, 8 тамыз 2018 жыл.
Еңбекші аудандық сотының судьясы Ерғали Мәуленов мектеп экс-директоры Эльмира Тілеуованың Түркістан облысы прокуратурасына қарсы шағымы бойынша сот шешімін оқып тұр. Шымкент, 8 тамыз 2018 жыл.

Тамыздың 8-і күні Шымкенттің Еңбекші аудандық соты Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы мектептің экс-директоры Эльмира Тілеуованың Түркістан облысы прокуратурасының үстінен түсірген шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Іске төрағалық етіп жатқан судья Ерғали Мәуленов облыс прокуратурасы іс-әрекетінің заңдылығын даулау туралы азаматтық іс бойынша шешімін оқыды. Шешімді облыс прокурорының сенімді өкілі Берік Сыдықов, экс-директор Эльмира Тілеуова және оның сенімді өкілі Жаңабек Әбішев тыңдады.

Прокурор Берік Сыдықов өзін фото және видеоға түсіруге рұқсат етпеді.

Сот шешімін тыңдап болған соң арызданушы Эльмира Тілеуова Азаттыққа апелляциялық шағым түсіретінін айтты.


Эльмира Тілеуова 2017 жылы Түркістан қаласы прокурорының ұсынысы негізінде Майшай Әбенова атындағы мектеп директоры қызметінен босатылған. Ол қала прокуроры іс-әрекетінің қаншалықты заңды екеніне баға беруін сұрап облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровке хат жазған. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі" туралы заңды бұзғаны үшін облыс прокуратурасының үстінен жеке шағым түсіріп, соттан прокуратураның іс-әрекетін заңсыз деп тануды сұраған.

Сот шағымды 24 шілдеде қарай бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG