Accessibility links

Арменияда экс-премьердің бауыры ұсталды


Овик Абрамян, Арменияның бұрынғы премьер-министрі.
Овик Абрамян, Арменияның бұрынғы премьер-министрі.

Арменияның бұрынғы премьер-министрі Овик Абрамяннің ағасы Генрик Абрамян заңсыз қару-жарақ сақтады деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Армения арнайы қызметі. Арменияда бірнеше кәсіпорынға ие ықпалды әрі ауқатты әулеттен шыққан Генрик Абрамян бұған дейін бірнеше рет парламент депутаты болған.

Генрик Абрамян Арменияда бұрынғы оппозиционер Никол Пашинян мамыр айында халық толуы нәтижесінде премьер-министр болғаннан соң ұсталған бірнеше шенеуніктің бірі.

Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметі қару-жарақ 2014-2016 жылдары премьер-министр болған Овик Абрамянға тиесілі бұрынғы механикалық жөндеу зауытынан тәркіленгенін хабарлады. Арнайы қызмет тінту барысында "ондаған қару-жарақ, оның ішінде үш қол пулеметі, екі мерген мылтығы мен оқ-дәрілер" табылғанын айтады.

Арнайы қызмет мәлімдемесінде заңсыз қару-жарақ сақтады деген күдікпен Амбик Геворкяннің де ұсталғаны айтылады.

Арменияда биыл шілденің соңында 1998-2008 жылдары президент болған Роберт Кочарян 2008 жылы даулы президент сайлауынан соң оппозиция өткізген наразылық шеруін күшпен басып-жаншыды деген күдікпен қамауға алынған. Аталған демонстрацияны күшпен тарату кезінде полиция күш қолданып, 10 адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG