Accessibility links

Өзбекстанда имамдарды суицидпен күреске жұмылдырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан мешіттерінде жұма намазы кезінде имамдар исламда өзіне қол салудың үлкен күнә екендігі туралы уағыз оқи бастады. Азаттықтың Өзбек редакциясының 8 тамызда хабарлауынша, мұндай тапсырманы имамдарға Дін істері жөніндегі комитет берген.

– Республиканың барлық мешіттерінде өзбек жастары арасында суицид туралы уағыз оқылып жатыр. Дін істері жөніндегі комитет осындай тапсырма берді. Оған елде суицидтің көбеюі себеп болып отыр. Ислам өзіне қол салуға тыйым салады. Адамдар мұндай қадамға иманы әлсіз болғандықтан барады, - деді "Сирож Салих" мешіті имамының көмекшісі.

Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеті имамдарға суицид туралы уағыз жүргізуге тапсырма берілгенін растады.

– Елде соңғы екі айда суицид көрсеткішінің өсуіне байланысты, біз имамдарға жұма намазы кезінде айтылатын уағызды осы тақырыпқа арнауын тапсырдық, – деді комитеттің бір қызметкері.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын елде әрбір жүз адамның алтауы өзіне қол салады. Алайда, бейресми көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG