Accessibility links

СІМ: АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға айып тағылды


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты (Көрнекі сурет).
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты (Көрнекі сурет).

АҚШ-та ұсталған үш қазақстандыққа "қаржы жылыстату қитұрқылығына қатысы бар" деген айып тағылды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне (СІМ) сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШ-та шілденің соңында ұсталған қазақстандықтар Диора Аширова, Азиза Джалолова және Елена Құдайбергеноваға қатысты 8 тамыз күні алғашқы сот отырысы өткен.

Келісі сот отырысы қазан айына белгіленген.

Шілденің соңында Нью-Йорк штатында 25 адам аса ірі көлемде қаржы алаяқтығын жасады деген күдікпен ұсталған. Олардың арасында 1970 жылы туған Елена Құдайбергенова, 1991 жылы туған Диора Аширова және 1994 жылы туған Азиза Джалолова да бар. Ұсталған 25 адам 4,5 миллион доллар көлемінде шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Елена Құдайбергенова денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, қалған екі азамат қамауға алынған.

АҚШ заңы бойынша, ұсталғандар айыпты деп танылса, 20 жылға 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Ресейлік БАҚ дерегінше, АҚШ-та ұсталғандар арасында Ресей, Грузия, Әзербайжан, Украина Латвия, АҚШ және Түркия азаматтары да бар.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG