Accessibility links

Порошенко әкімшілігі 2014 жылы Манафортпен кездескенін растады


Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенконың сайлауалды кампаниясының стратегиясына жауапты тұлға АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортпен кездескенін растады. Азаттықтың Украин редакциясына белгілі болғанындай, кездесу Украинадағы ауқатты бизнесмен Петр Порошенко 2014 жылы президент сайлауында жеңгенге дейін болған.

"Иә, біз кездестік. Бірақ (Манафорттың командасымен - ред.) ынтымақтастық орнатқан жоқпыз" деді Порошенконың өкілі Дарья Худякова Азаттыққа телефон арқылы. Худякованың бұл сөзі Порошенко әкімшілігінің 2 тамыз күні Азаттыққа жолдаған ресми мәлімдемесіне қайшы келеді. Ол мәлімдемеде "Петр Порошенконың командасы Манафортпен және оның адамдарымен ешқашан байланыс орнатқан емес. Ұсыныстар болды, бірақ оларды тіпті қарамадық та" делінген мәлімдемеде.

Осы айда АҚШ-тың Александрия (Вирджиния) округтік сотында өтіп жатқан Манафорттың ісі бойынша процесте "П.П" деп аталатын әлдебір адамның жұмысы талқыланатын хат туралы айтылған еді. Бұл лақап ат шын мәнінде Петр Порошенко делінеді. Осыдан кейін Азаттық Манафорт пен Порошенко командалары арасындағы ықтимал кездесуде не талқыланғанына қызығушылық таныта бастаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
XS
SM
MD
LG