Accessibility links

Жазушы Светлана Алексиевич Одессада кездесуін өткізбейтін болды


Светлана Алексиевич, Беларусь жазушысы.

Беларусь жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич белгісіз адамдардың қоқан-лоқы жасауына байланысты Одессадағы кездесуін өткізбейтін болды.

Кездесу өтуі тиіс болған "Зеленый театрдың" Facebook-тегі парақшасында хабарлауынша, шара өтерден төрт сағат бұрын украиналық "Миротворец" сайты Алексиевичті 2016 жылы Бруклинде сөйлеген кезінде "ұлтаралық алауыздық тудыруды және қоғамдық маңызы бар ақпаратпен айла-шарғы жасауды көздейтін үгіт-насихат" жүргізбек болды деп хабарлаған.

Біраз уақыт өткен соң аталған ақпарат сайттан алынып тасталған. Бірақ ұйымдастырушылар беларусь жазушысы "мұндай кезде оқырманмен кездесу ыңғайсыз екенін" айтып, бас тартқанын айтады. "Зеленый театр" да мұндай жағдайда аудитория мен спикерге қатер төндіргісі келмеген.

Светлана Алексиевич Facebook-те өзіне және ұйымдастырушыларға доңайбат көрсетілгенін айтып, кездесуді көпшіліктің қаіпсіздігі үшін тоқтатқанын мәлімдеді. Жазушы сонымен қатар, "украиналықтарды жәбірледі" деген айыптаудың "ойдан шығарылғанын" айтады. Ол анасының украин екенін және өзінің Украинада туғанын еске салады.

Алексиевич 2015 жылы өзіне Нобель сыйлығы берілгені жарияланғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Қырымды аннексиялап, Укарина шығысындағы қақтығысқа киліккенін айыптаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG