Accessibility links

Биржада доллар бағамы тағы көтерілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында 9 тамыз күні күндізгі сауда сессиясында доллардың орташа бағамы тағы көтеріліп, 354 теңге 6 тиынға жетті. Доллар кешегі бағаммен салыстырғанда 5 теңге 47 тиынға, ал бір ай ішінде 10 теңге 81 тиынға көтеріліп отыр.

Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 354 теңге 20 тиын және 356 теңге аралығындағы бағаға сатылып жатыр.

Қазақстан теңгесінің құны Ресейде рубльдің долларға шаққандағы бағамы төмендеген кезде арзандап отыр. 8 тамыз күні АҚШ Мәскеуді Ұлыбританияда ресейлік экс-агент Сергей Скрипаль мен оның қызын улады деп айыптап, санкция салатынын хабарлаған. 9 тамызда Ресей валютасының долларға шаққандағы бағамы 3,1 пайызға құлдырап, бір доллар 63 рубль 59 тиын болды.

16 шілдеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевпен кездесуде "Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді" деп айтқан еді.

Наурыз айында Қазақстанда бір доллардың құны 318 теңге болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG