Accessibility links

ЕҚЫҰ: Ресей-Украина шекарасынан әскери техника өткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының ұшқышсыз басқарылатын аппараты Ресей-Украина шекарасынан әскери техника қозғалып бара жатқанын байқап, суретке түсіріп алды. Бақылаушылар есебі бойынша, оқиға 8 тамызға қараған түні болған. Әуелі сегіз әскери жүк көлігінен құралған колонна қара жолмен өткізу бекетінен Ресей аумағына шыққан. Кейін осындай тағы бір колонна Ресей-Украина шекарасын кесіп өтіп, Донбасқа кірген.

Киев пен Батыс елдері Ресейді Луганск мен Донецк облыстарындағы өзін-өзі жариялап алған сепаратистерге әскери қолдау көрсетеді деп айыптайды. Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Киевтің мәліметінше, соңғы күндері сепаратистер қақтығысты тоқтату режимін 45 рет бұзған. Атыстан бір украин сарбазы оққа ұшып, екеуі жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG