Accessibility links

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза болды


Қарағанды облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының полициясы облыс аумағында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапқанын, жараланған екі адам ауруханаға түскенін хабарлады. Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жол апаты 10 тамыз күні күндіз Қарағанды - Балқаш күре жолының бойында болған. "Lexus ES-300 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы және Nissan Juke көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы жарақаттанып, сол жерде тіл тартпай кетті. Nissan Juke көлігінің екі жолаушысы жарақаттанып, ауруханаға түсті" деп хабарлады департамент баспасөз қызметі.

Полиция бұл оқиға бойынша "көлік құралын басқаратын адамның жол ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы" бабымен тергеу бастап, бірнеше сараптама тағайындаған.

Қазақстан жолдарында кісі өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғалары жиі болады. Мамандар жолдарда апатқа көп жағдайда жол жағдайының нашарлығы және жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы себеп болатынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG