Accessibility links

АҚШ-та актер Стивен Сигалға қарсы арыздар қаралып жатыр


Актер Стивен Сигал
Актер Стивен Сигал

Лос-Анжелес прокуратурасы Голливуд актеры Стивен Сигалға қатысты түскен арыздарды қарап жатыр деп хабарлайды Reuters агенттігі.

АҚШ-та актер бірнеше актриса мен журналистке бопсалау жасады деген күдікке ілінген. Бұған қатысты оннан астам әйел сотқа арыз түсірген. Жәбірленушілердің бірі Сигалдың өзін зорлағанын айтады.

Ал актер өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Өткен аптада Ресейдің сыртқы істер министрлігі Стивен Сигалды АҚШ-пен гуманитарлық байланыс бойынша арнайы өкілі ретінде тағайындаған.

Қазіргі кезде Сигалдың үш азаматтығы бар: АҚШ, Ресей және Сербия.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG