Accessibility links

Құрық порты таныстырылды


Құрық портының презентациясы. Маңғыстау облысы, 11 тамыз 2018 жыл

Каспий саммиті қарсаңында жиналған қонақтарға бүгін Құрық порты таныстырылған. Оған президент Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Иран, Қытай және Орталық Азия елдерінің мемлекеттік орган басшылары, транспорт-логистикалық компания өкілдері қатысқан. Бұл туралы оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі хабарлады.

Презентация барысында Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы мен мүмкіндіктері жайлы айтылған. Паром кешенінде су акваториясы, теміржол айлағы, жағалау нысандары мен теміржол, көлік жолдары, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нысандар орналасқан.

Шарада жаңа паром кешенінің халықаралық сауда байланыстарын дамытуға ықпал ететіні айтылды.

- Құрық – бұл бізге Кавказ бен Еуропаға жол ашады. Бұл біздің көптен күткен жобамыз, модернизацияны үдету үшін өте қажет, - деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ертең Ақтауда бесінші Каспий саммиті басталады. Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қояды деп хабарланған.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG