Accessibility links

Путин Сенцов мәселесін қарастыруға уәде берген


Үш айдан бері украиналық тұтқындардың босатылуын талап етіп, аштық ұстап келе жатқан тұтқын Олег Сенцов

10 тамыз күні Ресей және Франция президенттері арасында болған телефон әңгімеде Ресей түрмесінде үш айдан бері аштық ұстап келе жатқан Олег Сенцовтың жағдайы да талқыланған.

Франция президенті Эммануэль Макрон украиналық режиссердың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, жағдайды шұғыл түрде шешу қажеттігін айтқан. Макрон әкімшілігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин оның бұл өтінішін қарастыруға уәде берген.

Путин мен Макронның Сенцов мәселесін талқылағанын Кремль растайды. Бірақ ешқандай қосымша ақпарат бермейді. Ресей президентінің сайтында шыққан жаңалықта Сенцовтың аты аталмайды. Путин мен Макронның Сириядағы жағдай бойынша пікір алмасқаны айтылады. Телефон әңгімеде “бұдан да өзге мәселелер қозғалды” деп қана көрсетілген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Құпияға толы Жібек жолы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG