Accessibility links

Бухарестегі наразылық акциясында жүздеген адам жарақат алған


Наразылық шарасына қатысушы азамат. Бухарест, 10 тамыз 2018 жыл
Наразылық шарасына қатысушы азамат. Бухарест, 10 тамыз 2018 жыл

Румыния билігі үкіметке қарсы наразылық шарасында 440 адамға медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады. Жарақат алғандар арасында полицияның арнайы жасағының өкілдері де бар.

Бухарест-Илфов ауданының шұғыл әрекет ету қызметінің хабарлауынша, 11 тамызда 65 адам ауруханаға жеткізілген.

Видео: Бухарестегі наразылық акциясына мыңдаған адам жиналған

10 тамыз Бухаресте өткен үкіметке қарсы наразылық акциясына ондаған мың адам жиналған. Олар үкіметтік отставкаға кетуін талап еткен. Жақында билік арнайы заңға өзгеріс енгізу жоспарын жариялаған еді. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер елдегі жемқорлықты әшкерелеуге кедергі жасайды.

Соңы күш қолдануға ұласқан қарсылық шарасы кезінде полиция демонстранттарды тарқату үшін көзден жас шығаратын газ бен су шашқыш құралдар қолданған. Акцияға қатысушы кейбір азаматтар полицейлерге қарай тас, бөтелке, түтін шығаратын заттар лақтырған.

Президент Клаус Йоханис наразылықтың күшпен тарқатылуын айыптап, полицияның “қатыгез әрекетін” сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG