Германия билігі видео ойындарда свастиканы көрсетуге салынған тыйымды жойды. Енді нацистік режим символикасын ойын-сауық өнімдерінде ойын тақырыбына сай келген жағдайда ғана қолдануға болады.
Экстремистік символиканы қолдануға салынған тыйым әлі де бұрынғыдай күшінде. Алайда, ойын-сауық бағдарламаларына жас ерекшелігіне қарай шектеу салатын германиялық USK ұйымы енді нацистік символиканы қолдануға қатысты талаптар видео ойындар мен киноға бірдей қолданылатынын мәлімдеді. Енді нацистік символика сюжетке сай және драмалық негізде қолданылған кез-келген видео ойын сатылымға шығарылмақ.
Германияда қызметі конституцияға қайшы деп танылған топ пен ұйымдардың символикасын қолдануға тыйым салынған. Осыған байланысты бертінге дейін Германияда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты барлық компьютерлік ойындарда свастика көрсетілмеген.
ПІКІРЛЕР