Accessibility links

Түркістан облысы: Автобус апатынан бір адам өліп, бірнешеуі жараланды


Қазақстандағы автобус апаты (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы автобус апаты (Көрнекі сурет).

Түркістан облысында Шымкенттен Сарыағашқа апаратын Алматы-Ташкент-Термез жолында келе жатқан автобус жүк көлігіне соқтығысып, салдарынан Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тамыздың 12-сі күні кешке болған. Автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан он адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болған. "Оқиға орнында Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Түрлі дәрежеде жарақаттанған он адамның жетеуі - Өзбекстан азаматы. Жарақат алған азаматтар Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді” делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "Көлiк құралдарын басқаратын адамның жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен іс қозғалған. Жол апаты бойынша бірнеше сараптама тағайындалып, апат себептері анықталып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG