Accessibility links

Доллардың орташа бағамы 363 теңгеден асты


Доллар мен теңге (Көрнекі сурет).
Доллар мен теңге (Көрнекі сурет).

Қазақстан қор биржасында 13 тамызда таңертеңгі саудада доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 6 теңге 35 тиынға қымбаттап, 363 теңге 15 тиынға жетті. Kurs.kz сайтының ақпараты бойынша, Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 366-367 теңге аралығында сатылып жатыр.

Өткен аптада биржада сауда жабылған 10 тамыз күні күндізгі сессияда доллардың орташа бағамы 357 теңге 2 тиын болған.

Биржа мәліметінше, соңғы бір ай шегінде доллар 20 теңге 66 тиынға қымбаттап отыр.

Tengrinews.kz сайтының Қазақстан Ұлттық банкіне сілтеме жасап хабарлауынша, теңге дамушы елдердің ұлттық валюталарымен қатар құнсызданып отыр және оған "геосаяси шиеленіс, АҚШ-тың дамушы елдерге қатысты санкция салуы және протекционистік саясат ұстануы себеп".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG