Accessibility links

Қос Корея басшыларының келесі саммиті Пхеньянда өтпек


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин келіссөз өткізіп отыр. Пханмунджом, 27 сәуір 2018 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин келіссөз өткізіп отыр. Пханмунджом, 27 сәуір 2018 жыл.

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшыларының келесі саммиті қыркүйекте Пхеньянда өтеді. Бұл жайында 13 тамызда екі ел шекарасында орналасқан Пханмунджом елді мекенінде кездескен қос Корея өкілдері уағдаластық жасады.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын алғаш рет биыл сәуірде осы елді мекенде келіссөз жүргізген. Олар екі ел арасындағы соғысты ресми түрде тоқтататын бейбіт келісімге қол қоймақ ниеті барын мәлімдеген. Пхеньян мен Сеул Корей түбегінде ядролық қарудан арылу жұмыстары басталатынын жариялаған. Екі ел басшылары сонымен қатар мамыр айында, Сингапурде АҚШ - Солтүстік Корея саммитінің қарсаңында кездескен.

Ким Чен Ын - 1953 жылдан бері Оңтүстік Кореяға барған алғашқы солтүстік кореялық басшы. Ал Мун Чжэ Ин Солтиүстік Кореяға баратын алғашқы Оңтүстік Корея басшысы болмақ. 1953 жылы Корей соғысында бітім жасалғанымен, бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG