Accessibility links

Ресей валютасы екі жылда болмаған деңгейге дейін арзандады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Рубль бағамы кезекті рет соңғы екі жылда болмаған деңгейге дейін арзандады. Мәскеу қор биржасында 13 тамыз күні доллар бағамы екі жылда бірінші рет 68 рубльден асты. Еуро бағамы да бір рубльге жуық көтерілді.

Рубльдің құлдырауына негізінен АҚШ санкциясы себеп болып отыр. Ресей валютасы БАҚ америкалық сенаторлар жаңа шектеу шараларын дайындап жатқаны туралы хабарлаған соң арзандай бастаған. Жаңа шаралар Ресейге мұнай-газ саласында қолданылатын технология экспорттауды, мемлекеттік банктердің доллармен операция жүргізуін шектеп, Ресейдің мемлекеттік қарыздарына инвестиция құюға тыйым салуы ықтимал.

Бұдан өзге, өткен аптада АҚШ Мемлекеттік департаменті ресейлік бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің Ұлыбританияның Солсбери қаласында улануына байланысты Ресейге қарсы санкция салатынын жариялаған. Вашингтон Ресейді Скрипальдерді химиялық улы зат қолданып улады деп айыптайды. Ресейге ұлттық қауіпсіздік саласында қолданылатын тауарларды экспорттауға тыйым салатын жаңа санкция 22 тамыздан бастап күшіне енеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG