Тәжікстанда альпинистерді тасымалдап келе жатқан тікұшақ жайсыз қонып, бес адам қаза тапты. Тәжікстан Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Умед Юсуфи 13 тамызда тікұшақ тауда жайсыз қонғанын хабарлады. Қаза тапқандардың екеуі - экипаж мүшесі, үшеуі - ресейлік альпинист.
Төтенше оқиғадан тікұшақ ұшқышы мен 12 альпинист аман қалған. Юсуфидің сөзінше, тікұшақтың жайсыз қонуына ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі әзірге альпинистерде Ресей азаматтығы бар-жоғын растамады.
Тәжікстан БАҚ-ы бұған дейін Ми-8 тікұшағы Орталық Азиядағы ең биік Исмаили Сомони шыңына шыққан Ресейдің 13 азаматы, Беларусь азаматы және испаниялық бір альпинисті алып келе жатқанда төтенше жағдай болғанын хабарлаған.
ПІКІРЛЕР