Accessibility links

Путин мен Меркель 18 тамызда Берлинде кездеседі


Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 18 мамыр 2018 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 18 мамыр 2018 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель 18 тамызда Берлинде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Стеффен Зайберттің хабарлауынша, кездесуде екі ел басшылары Сирия мен Украинадағы жағдайды және энергетикалық мәселелерді талқылайды.

Мәскеу мен Берлин Балтық теңізі арқылы Украина мен Польшаны айналып өтетін "Солтүстік ағын 2" жаңа газ құбырын сала бастаған. Бұл құбыр іске қосылса, Ресейдің Батыс Еуропаға тасымалдайтын газ көлемі екі есеге ұлғаймақ.

АҚШ пен Еуропаның бірнеше елі бұл жобаға қарсы. Шілдеде АҚШ "Солтүстік ағын 2 " жобасына қатысушы компанияларға санкция салатынын мәләімдеген.

Меркель мен Путин соңғы рет мамырда Сочиде кездескен.

Шілдеде Ангела Меркель мен Германия сыртқы істер министрі Хейко Маас Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен кездескен.

Ресей мен Батыс елдерінің қарым-қатынасы бірнеше мәселе, оның ішінде Украина мен Сириядағы қақтығыстарға байланысты шиеленісіп кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG