Accessibility links

Иран жаңа баллистикалық зымыранын сынады


Иран қорғаныс министрі Амир Хатами жаңа "Фатих-и Мобин" баллистикалық зымыраны жанында тұр.
Иран қорғаныс министрі Амир Хатами жаңа "Фатих-и Мобин" баллистикалық зымыраны жанында тұр.

Иран қысқа қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Иран мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа "Фатих-и Мобин" зымыраны "сынақтан сәтті өтті" және құрлық пен судағы нысаналарға бірдей соққы бере алады.

"Бұған дейін уәде еткеніміздей, біз елдің зымыран күштерінің әлеуетін арттыру мақсатымыздан айнымаймыз және зымыран күштерін күн сайын күшейте береміз" деді қорғаныс министрі Амир Хатами.

"Өте икемді болғандықтан, бұл зымыранды ешкім тоқтата алмайды. Зымыранның жаңа нұсқасы тактикалық тұрғыдан жетілген және нысанаға аса дәлдікпен тиеді. Иран халқына қарсы қысым мен психологиялық соғыс үдеген сайын, біз барлық саладағы қорғаныс әлеуетімізді арттыра береміз" деді министр.

Хатами зымыранның қанша қашықтыққа ұшатынын айтпады. Дегенмен, Вашингтонда орналасқан Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы бұған дейінгі осыған ұқсас зымырандар 200-300 километр қашыққа ұшатынын айтады.

АҚШ шенеуніктері өткен аптада Fox News телеарнасына Иран Ормуз бұғазында өткен әскери-теңіз жаттығуында "Фатех-110" зымыранын атқанын хабарлаған.

АҚШ бұған дейін Ираннан мұндай баллистикалық зымырандар жасауын тоқтатуды талап еткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG