Accessibility links

Министр: Долларға байланысты бюджет әзір қайта қаралмайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің құнсыздануына байланысты әзірге биылғы жылдың бюджеті қайта қаралмайтынын мәлімдеді. Астанада журналистер сауалдарына жауап берген Сүлейменов бюджет теңгемен түзілетіндіктен, бюджеттің орындалуына қауіп төніп тұрмағанын айтты.

"Біз бюджетті доллардың орташа бағамымен бекітеміз. Биылғы бюджет бір доллар 340 теңге болады деп бекітілген. Қазір доллар 363 теңгеден асып тұрғанымен, алғашқы жарты жылдықта ол 340 теңгеден төмен болды" деді Сүлейменов.

Министрдің сөзінше, бюджетке доллар бағамы ғана емес, макроэкономикалық көрсеткіштер де әсер етеді.

Біз америкалық серіктерімізбен олардың санкциясы біздің экономикамызға кері әсері болмауын талқылап жатырмыз.

Доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы өткен аптадан бері үздіксіз көтеріліп, 363 теңгеден асты. Қазақстан қор биржасында 14 тамыз күні таңертеңгі саудада доллар бағамы 363 теңге 48 тиынға жетті. Теңге бағамы Ресей рубльімен қатар құлдырап отыр. 8 тамызда АҚШ Ресейге санкция салатынын жариялаған соң Ресей рублі мен ресейлік компаниялардың акциялары арзандай бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG