Accessibility links

Қазақстан гандболшылары Азиаданы жеңіспен бастады


Азия ойындарының баннері.
Азия ойындарының баннері.

Джакартада (Индонезия) өтетін жазғы Азия ойындарында футбол, гандбол, баскетбол спортынан жарыстар басталып кетті. 14 тамызда гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Үндістан құрамасымен кездесіп, 36:19 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан гандбол құрамасы алдағы күндері Қытай, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея командаларымен кездеседі.

Биылғы жазғы Азия ойындары Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді. Жарыстың ресми ашылу салтанаты 18 тамызда болады. Азия ойындарына Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Жарыс 3 қыркүйекте аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG