Accessibility links

Румынияда полицияның шерушілерге күш қолданғанын тексеріп жатыр


Румыния полициясы наразылық танытушыларға көзден жас ағызатын газ шашып тұр. Бухарест, 10 тамыз 2018 жыл.
Румыния полициясы наразылық танытушыларға көзден жас ағызатын газ шашып тұр. Бухарест, 10 тамыз 2018 жыл.

Румынияда полицияның өткен аптада Бухарестегі үкіметке қарсы шерулер кезінде демонстранттарға күш қолдану ісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Румыния прокуратурасы хабарлады. Елде жаппай толқу басталғанына төрт күн болды.

10 тамызда Бухаресте 80 мыңнан астам адам көшеге шығып, үкіметті сыбайлас жемқорлыққа ұрынды деп айыптап, отставкаға кетуін талап еткен. Полиция демонстранттарды тарату үшін су шашып, көзден жас ағызатын газ бен резеңке таяқ қолданған. Осының салдарынан 450-ден астам адам жараланып, 30 шақты адам тұтқындалған. Полицияның бұл әрекеті Румынияның өз ішінен де, Еуропа Одағы тарапынан да сынға ұшыраған.

"Бізге әзірге 30-дай шағым түсті, әріптестерім жараланғандарды сұрап жатыр" деді әскери прокурор Ионел Корбу. Ол "заң бұзды деп танылғандардың барлығы жазаланатынын" айтты. Прокурорлар сонымен қатар қауіпсіздік қызметкерлерінің БАҚ өкілдерімен және наразылық танытушылармен қарым-қатынаста өздерін қалай ұстағаны туралы видеоларды да тексеріп жатыр.

Полиция өз қызметкерлері өткен аптада туындаған жағдайға сай әрекет еткенін мәлімдеді. Полиция Бухаресте "полицейлер қоршауын бұзбақ болып, қауіпсіздік қызметкерлеріне тас пен су толтырылған шөлмектер лақтырған ондаған бұзақыны" зорлық-зомбылық танытты деп айыптап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG