Accessibility links

Журналист Шәріп Құрақбаев қайтыс болды


Шәріп Құрақбаев, журналист.
Шәріп Құрақбаев, журналист.

Қазақстандық журналист, оппозициялық басылымдарда редакторлық қызмет атқарған Шәріп Құрақбаев қайтыс болды. Туысы Марат Сәбдікеннің Азаттыққа айтуынша, журналист 14 тамыз күні таңертең 62 жасында Алматыда өз үйінде көз жұмған. Оның сөзінше, марқұм бір ай бұрын инфаркт алып, он шақты күн бұрын ауруханадан шыққан.

Марқұммен қоштасу 15 тамыз күні сағат 10-да Алматыда үйінде өтеді.

Шәріп Құрақбаев оппозициялық "Дат" газетінің алғашқы редакторы, "Правда Казахстана" газетінде тілші, бас редактор болып қызмет еткен. Соңғы жылдары ол "Жұлдыздар отбасы Аңыз адам" журналында жұмыс істеген.

Алматы соты 2013 жылы оппозициялық "Правда Казахстана" газетін түрлі айыппен бірнеше рет қызметін тоқтатып, Шәріп Құрақбаевқа айыппұл салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG