Accessibility links

Лондонда көлік парламент ғимараты қоршауын соқты


Британ парламенті ғимаратының қоршауына соқтыққан көлікті полицейлер көліктері қоршап тұр. Лондон, 14 тамыз 2018 жыл.
Британ парламенті ғимаратының қоршауына соқтыққан көлікті полицейлер көліктері қоршап тұр. Лондон, 14 тамыз 2018 жыл.

Лондонда 14 тамыз күні белгісіз адам көлікпен британ парламенті - Вестминстер сарайының қоршауын соқты. Оқиғадан кем дегенде екі адам жараланды. Дәрігерлер оларға оқиға орнында көмек көрсетті. Көлік жүргізушісі ұсталды.

Былтыр Лондонда көлікпен екі рет шабуыл жасалған. Наурызда қылмыскер Вестминстер көпірінде топ адамды көлігімен қағып өтіп, полицейді пышақтап өлтірген. Маусымда Лондон көпірінде фургон көлігі жаяу жүргіншілерді қағып, одан соң көліктен шыққан үш адам сол маңдағы кісілерге пышақпен шабуыл жасаған.

Бұл оқиғалардан 12 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Екі шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG