Accessibility links

АҚШ-та Ресейге қарсы жаңа санкция туралы заң жобасы жарияланды


Линдси Грэм, америкалық сенатор.
Линдси Грэм, америкалық сенатор.

АҚШ Конгрессінің ресми сайтында Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жөніндегі жаңа заң жобасы жарияланды. Құжатты Линдси Грэм бастаған сенаторлар тобы әзірлеген.

"АҚШ қауіпсіздігін Кремль басқыншылығынан қорғау туралы заң" деп аталатын құжат АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен 16 шілдеде Хельсинкиде кездесуінен кейін әзірленді. Құжат саяси мәлімдемелер мен Ресей әрекетіне жауап ретінде бірқатар нақты қадамдардан тұрады.

Заң жобасында АҚШ 1940 жылы қабылданған Совет Одағының Балтық елдерін аннексиялауын мойындамау жөніндегі декларация үлгісімен Ресейдің Қырым аннексиясын мойындамайтыны айтылған. Сонымен бірге құжат АҚШ президенті әкімшілігіне елдің НАТО құрамынан шығу қадамдарsy жасауына тыйым салады.

Заң жобасының бөлек тарауларында Ресей Ұлыбританияның Солсбери қаласында экс-агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальды улау, кибершабуыл жасау және 2016 жылы АҚШ президенті сайлауына килігуге кінәлі деп танылған. Мұнда сонымен бірге Ресейдің Сирияда әскери қылмыс жасауы ықтималдығы да айтылған.

Құжат қабылданғаннан кейін, 180 күн ішінде АҚШ президенті "Ресей президенті Владимир Путиннің мүддесі үшін заңсыз және сыбайлас жемқорлық әрекетіне барып жатқан саясаткерлер мен олигархтарға және Путинмен байланысы бар адамдар мен ұйымдарға қарсы санкциялар енгізуі тиіс".


Құжат Ресейдің дербес қарызына байланысты транзакцияға шектеу қоюды көздейді. АҚШ-та Ресейдің "Сбербанк", ВТБ, "Внешэкономбанк" және "Газпромбанк" секілді ірі банктерінің жұмыс істеуіне тыйым салу да қарастырылған.

Заң жобасында АҚШ-тың ұлттық барлау қызметі 180 күн ішінде конгресске Владимир Путин мен оның отбасы мүшелерінің жеке активтері жөнінде мәлімет беру керектігі айтылған.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін 90 күн ішінде мемлекеттік хатшы конгресске Ресей "терроризмді қаржыландыратын мемлекет" өлшемдеріне сәйкес келетін-келмейтіні жөнінде пікір білдіру тиіс.

Бұл заң жобасының қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы заң жобасын былтыр конргесстің қос палатасы көпшілік дауыспен қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG