Accessibility links

Алматы әкімдігі: "Саяхат" базары жабылды


Саяхат авто вокзалының ішкі көрінісі.
Саяхат авто вокзалының ішкі көрінісі.

Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасы бұрынғы "Саяхат" автовокзалының орнындағы базардың жабылғанын мәлімдеді. Бұған дейін базардың ондаған сатушысы базарды сүруді жыл соңына қалдыруды сұраған еді.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, ішкі саясат басқармасы "стихииялы базардың" "жер телімінің мақсатқа сай пайдаланылмауына және құрылыс салынуына байланысты" жабылғанын мәлімдейді.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл базар саудагерлеріне осыған дейін қаладағы басқа базарлардан орын ұсынылған. Базар орнында жер телімінің иесі "Саяхат-инвест" компаниясы жаңа автобус станциясын салмақ.

2007 жылы бұрынғы автовокзал сүрілген соң оның орнына сауда орындары салынып, бір жағы қала маңына қатынайтын автобустар тоқтайтын алаңға айналған.

Көре отырыңыз: "Саяхат" сатушылары базардың жабылуына қарсы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG