Deutsche Welle медиа компаниясы Бухаресте қарсылық шерулерінен хабар таратып жүрген тілшісі Кристиан Штефанескудің зардап шеккенін хабарлады. Журналистің айтуынша, ол 10 тамыз күні Победа алаңында наразылық акциясынан хабар таратып жүргенінде жандармерия өкілдері келіп, өзіне дөрекі сөйлеген, сосын резеңке таяқпен ұрған. Тілші өзінің қызметтік куәлігін көрсетіп, журналист екенін бірнеше рет айтқанымен, полиция оны елемегенін айтады. Кристиан Штефанеску Бухарест прокуратурасына өзінің жараланып қалғаны туралы арыз жазған.
Өткен аптаның соңынан бастап Бухарест пен басқа да қалаларда ондаған мың адам биліктен сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюды талап етіп, шеру өткізіп жатыр. Полиция демонстранттарға күш қолданып, 400-ден астам адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендер арасында полицейлер де бар. Румыния прокуратурасы қазір полицияның демонстрация кезіндегі іс-әрекетін тексеріп жатыр.
ПІКІРЛЕР