Accessibility links

"Қазақстан" полигонында "белгісіз зат" жарылып, он сарбаз жараланды


Полигондағы әскери жаттығу (Көрнекі сурет).
Полигондағы әскери жаттығу (Көрнекі сурет).

"Қазақстан" полигонында "белгісіз зат жарылып", 10 әскери қызметкер жараланды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің 15 тамыз күні хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні нысана көздеу алаңын дайындау кезінде болған.

Зардап шеккен тоғыз әскери қызметкерге полигон басында жедел дәрігерлік көмек көрсетілген.

"Қазір сарбаздардың денсаулығы бір қалыпты, оларға тиісті медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр" делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тергеу басталған. Қорғаныс министрлігі оқиғаның толық мән-жайын және "Қазақстан" полигонының қай жерде екенін айтпайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG