Accessibility links

Людмила Козловскаяның Шенген аймағынан шығарылғаны хабарланды


Людмила Козловская
Людмила Козловская

Польшада орналасқан "Ашық диалог" (Open Dialog) қоғамдық қорын құрушы әрі президенті Людмила Козловская Брюссель әуежайынан Украинаға жіберілген.

Бұл туралы польшалық және украиналық ақпарат құралдары хабарлады. Басылымдардың жазуынша, бельгиялық шекарашылар 12 тамызда Козловскаяны Брюссельге ұшып келген сәтте ұстап, елден шығарған.

Козловская Еуропа одағы аумағынан шығарылғанын Facebook парақшасында растады. Козловскаяның сөзінше, Польша билігі оны Еуропа одағы аумағына кіруге тыйым салу талабымен Шенген ақпараттық жүйесіне (Schengen Information System) енгізген. Козловская Польша билігі оны не себепті тізімге енгізгенін білмейтінін жазды.

Азаттық Козловскаяның Еуропа аумағынан шығарылу себебіне қатысты комментарий сұрап, Польша Сыртқы істер министрлігіне ресми хат жолдады. Хатқа әлі жауап келген жоқ.

Людмила Козловская – польшалық белсенді Бартош Крамектің әйелі. В 2009 жылы Варшавада "Ашық диалог" (Open Dialog) қорын құрған. "Постсоветтік кеңістіктегі адам құқығын қорғау, демократияны қалыптастыру үшін құрылған" қордың Брюссельде және Киевте өкілдігі бар.

Қор Қазақстандағы адам құқығын, белсенділердің қудалану мәселелерін жиі сынайды. Қор сайтында шетелде тұратын, ресми Астана экстремистік ұйым деп таныған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязовты қорғауға арналған мақалалар жиі жарияланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG