Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты ресейлік компанияға санкция салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкция аясында ресейлік Василий Колчанов пен оның "Профинет" компаниясына шектеулер енгізді. Бұл туралы ақпарат АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланды. Санкция Колчанов компаниясының Пхеньянмен ынтымақтастық орнатқаны үшін салынды.

Ресми мәлімет бойынша, "Профинет" Таяу Шығыс порттарында кемелерге қызмет көрсетеді. АҚШ Қаржы министрлігі компания Солтүстік Корея туымен жүретін, мұнай өнімдерін тасымалдайтын кемелерге бірнеше рет қызмет көрсеткенін айтады.

БҰҰ бұған дейін жариялаған есебінде Солтүстік Кореяның 2018 жылы халықаралық қауымдастық санкциясына қарамастан ядролық оқтұмсығы бар зымыран сынауын тоқтатпағанын мәлімдеген. Солтүстік Корея билігі сонымен бірге теңіз арқылы заңсыз мұнай өнімдері мен көмір тасымалдауды ұлғайтқан, санкцияны бұза отырып, 100 миллион доллардың текстиль өнімдерін экспорттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG