Accessibility links

Киев: 11 ресейлік Путиннен тұтқын айырбастауды сұрады


Людмила Денисова, Украина Жоғарғы Радасының адам құқығы жөніндегі уәкілі
Людмила Денисова, Украина Жоғарғы Радасының адам құқығы жөніндегі уәкілі

Украина Жоғарғы Радасының адам құқығы жөніндегі уәкілі Людмила Денисова ресейлік 11 тұтқын Ресей президенті Владимир Путинге хат жазғанын мәлімдеді. Тұтқындар хатында өздерін Ресей түрмелерінде отырған украиналықтарға айырбастауды сұраған.

Денисованың сөзінше, арыз хатты Вячеслав Высоцкий, Валерий Иванов, Александр Валехидис, Владислав Гречин, Виктор Агеев, Олег Доронин, Денис Сидоров, Евгений Шаталов, Алексей Седиков, Александр Саттаров пен Фарух Камалов жазған. Арыз Украина Сыртқы істер министрлігіне берілген. Ол жерден Ресей президенті әкімшілігіне жолданады.

Бұған дейін Людмила Денисова ресейлік омбудсмен Татьяна Москальковамен бірге екі ел түрмелерінде қамауда отырған және тамыздың басына дейін жолығуды жоспарлап отырған 34 адамның тізімін мақұлдаған. Бұдан соң көп ұзамай екі тарап бір-бірін келісімді орындағысы келмейді деп айыптаған.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Ресейде 60-тан көп украиналық саяси тұтқын бар. Олардың бірі - режиссер Олег Сенцов. Ол терроризм айыбымен 11 жылға сотталған. Сенцов Ресей түрмелерінде отырған украиналық барлық тұрғынның босатылуын талап етіп, аштық жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG