Accessibility links

Ливияда 45 адамды 2011 жылғы кісі өліміне қатысты өлім жазасына кесті


Муаммар Каддафи билігі кезіндегі шенеуніктер сот залында отыр. Триполи, 28 шілде 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Муаммар Каддафи билігі кезіндегі шенеуніктер сот залында отыр. Триполи, 28 шілде 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Ливияның апелляциялық соты 45 адамды 2011 жылы Триполиде болған көтерілістегі кісі өліміне айыпты деп танып, өлім жазасына кесті. Сотталушыларды сот залына әкелген жоқ, ал судьяның өзін әскерилер күзетіп тұрды.

Сот бұдан өзге 54 адамды 2011 жылғы толқу кезінде кем дегенде 20 адамның қазасына қатысы бар деп айыптап, бес жылға соттады. Бұл іс бойынша сотқа тартылған тағы 22 адам ақталды. Үш сотталушы сотқа дейін қайтыс болып кеткен, оларға қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ.

Ливия Әділет министрлігі істің мән-жайын жарияламай отыр. Алайда, министрлік өкілі бұл іс Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафиге берілген әскерилердің Каддафи биліктен құлап, Триполиден қашып кеткенге дейінгі кісі өлтіруіне қатысы барын айтты.

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Ливияның сот жүйесін "дұрыс жұмыс істемейді" деп сынайды. Құқық қоғаушылар Ливияда көп адам тиісті тергеу, тексерусіз қамауда отырғанын және оларға қатысты заңдылық сақталмайтынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG