Accessibility links

Департамент: Қазақ-өзбек шекарасынан өтуде еш кедергі жоқ


Жібек жолы кеден бекетінде кезекте тұрған адамдар. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 16 мамыр, 2018 жыл.
Жібек жолы кеден бекетінде кезекте тұрған адамдар. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 16 мамыр, 2018 жыл.

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазақстан-Өзбекстан шекара бекетінен өту үшін сағаттап кезекке тұру" туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Департамент өкілі Марат Күлекеевтің Азаттыққа айтуынша, Қапланбек шекара бекетінен өту үшін сағаттап кезекке тұру" туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат жалған.

- Қазір кеден бекеті ашық. Кезек күтіп тұрған бірде-бір азамат жоқ. Кеден бекетінен өтуге еш кедергі жоқ. Кейде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде техникалық ақауларға байланысты, мысалы, шекара бекетінен өткен азаматтарды тіркеу базасының уақытша істемей қалуына орай өткізу уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ал ресми түрде басқа себептермен облыстағы қазақ-өзбек шекара бекеттерінде азаматтарды өткізу тоқтатылмаған, - дейді Марат Күлекеев.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекара бекеттерінен өту үшін бірнеше сағат кезекке тұру туралы ақпарат тараған еді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG