Accessibility links

Қытай Айды зерттейтін жаңа аппарат жасады


Қытайдың 2013 жылы желтоқсанда Айға қонған "Чанье 3" аппараты.
Қытайдың 2013 жылы желтоқсанда Айға қонған "Чанье 3" аппараты.

Қытай Айдың бұрын зерттелмеген алыс жағын зерттейтін жаңа аппарат жасағанын жариялады. Аппарат биыл желтоқсанның басында ұшырылмақ.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Чанье 4" аппараты Айдың Күн сәулесі жетпеген бөліктеріне "жеңіл қонып", ақпарат жинайды.

АҚШ ғарыштық бағдарламасын қысқартып жатқанда Қытай керісінше, ғарышты игеруге көп күш салып жатыр.

Мамыр айында Қытай Айдың қашық тұстарынан мәлімет жинайтын "Цюэцяо" ғарыш аппаратын ұшырған.

Қытайдың Айды зерттейтін, ұшқышсыз басқарылатын алғашқы аппараты - "Юту" 2013 жылы желтоқсанда Айға қонған. Аппарат үш ай уақыт қана жұмыс істейді деп есептелгенімен, ол 2016 жылдың шілдесіне дейін Жерге ақпарат жіберіп тұрған. Бұл аппарат Айда ең ұзақ (31 ай) жұмыс істеген аппарат саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG