Accessibility links

АҚШ-та әйгілі әнші Арета Франклин қайтыс болды


Арета Франклин, америкалық соул мен блюз әншісі
Арета Франклин, америкалық соул мен блюз әншісі

АҚШ-та 76 жасында әнші Арета Франклин қайтыс болды. Бұл ақпаратты Associated Press марқұмның отбасы мүшелерінің мәлімдемесіне сүйеніп таратты.

Rolling Stone журналы 2010 жылы оны адамзат тарихындағы үздік әншілер рейтингінде бірінші орынға қойған. Әнші ретингіде Элвис Пресли, Джон Ленон мен Боб Диланнан озып шыққан.

Франклиннің агенті Гвендолин Квиннің айтуынша, әнші Детройттағы үйінде ұйқы безі қатерлі ісігінен көз жұмған.

Ерекше үні үшін Франклин «соул патшайымы» атанып кеткен. Ол 1942 жылы Мемфисте дүниеге келді. Кәсіби әншілік жолын 14 жасында Детройтта бастады.

Әншінің танымалдылығы 1960 жылдардың соңында арта түсті. Франклин «Гремми» сыйлығына 44 рет ұсынылып, оны 18 рет жеңіп алған. Оның ішінде 1968-1975 жылдар аралығында сыйлықты қатарынан жеті рет иеленген.

Франклин 1987 жылы «Рок-н-ролл даңқ залына» (Rock and Roll Hall of Fame) аты енген алғашқы әйелге айналды.

Франклин АҚШ-тың үш президенті Джимми Картер, Билл Клинтон және Барак Обаманың инаугурациясында ән шырқаған. 2005 жылы Джордж Буш оны АҚШ-тың беделі жоғары «Президенттің еркіндік медалімен» (Presidential Medal of Freedom) марапаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG