Accessibility links

Астана көшесіне Шыңғыс Айтматовтың аты берілді

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев (сол жақтан екінші) пен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев (оң жақта) жазушы Шыңғыс Айтматов атындағы көшені ашу салтанатына қатысып тұр. Астана, 16 тамыз 2018 жыл.

Астанадағы көшелердің біріне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді.

Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің 16 тамыз күні кешке хабарлауынша, жаңа көшені ашу салтанатына Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедкалый Абылғазиев қатысты.

Айтматовтың есімі берілген бұрынғы №199 көше Астанада 2016 жылы пайда болған. Бұл көшеде жеті жолақ бар және ұзындығы 1,8 километрді құрайды. Көше Есіл ауданында, Қорғалжың тас жолы мен Сығанақ көшесінің арасында орналасқан.

Жаңа көшеге Айтматовтың есімі жазушының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында беріліп отыр.

Бұл күндері Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында екі ел қарым-қатынасын дамытуға арналған өзекті мәселелер талқыланбақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG