Accessibility links

Қазақстан су добы құрамасы Таиландты жеңді


Қазақстан құрамасының ойыншысы Анна Турова (көк формада) допқа таласып жатыр.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Анна Турова (көк формада) допқа таласып жатыр.

Индонезияның Джакарта қаласындағы жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиланд командасын жеңді - 13:4.

Қазақстан құрамасы 16 тамызда алғашқы матчта Қытайдан жеңілген-4:11. Енді Қазақстан су добы құрамасы 19 тамызда Гонконгпен, 20 тамызда Индонезиямен, 21 тамызда Жапониямен кездеседі. Бес ойында ең көп ұпай жинаған құрама Азия чемпионы атанады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Азиадада үздік төрттікке енуді жоспарлайды

Азия ойындарының ресми ашылуы тамыздың 18-і күні Джакарта қаласында өтеді. Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады.

Қазақстан жазғы Азия ойындарына тәуелсіз ел ретінде жетінші рет қатыспақ. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында бұл ел 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленген. Қазақстан Индонезиядағы Азия ойындарында да үздік төрттікке енуді жоспарлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG