Accessibility links

Боқаев тағы да тәртіптік жазаға тартылды


Макс Боқаевтың (ортада) соттағы сәті. Атырау. 18 қараша, 2016 жыл
Макс Боқаевтың (ортада) соттағы сәті. Атырау. 18 қараша, 2016 жыл

Макс Боқаевқа мекемедегі тексеру кезінде бас киімін шешпегендіктен «екінші дәрежелі теріс тәртіп» деген баға берілген. Бұл туралы Азаттыққа оның авокаты мен туыстары хабарлады.

Адвокат Айман Омарова мұның бәрі оны тұрғылықты мекен -жайы бойынша Атыраудағы түрмеге ауыстыру туралы талабын орындамау үшін жасалып отыр деп санайды. Атырау қаласындағы Қазақстан үкіметінің жер реформасына қарсы өткен 2016 жылғы стихиялық митингтен соң бес жылға абақтыға кесілген Макс Боқаевқа «екінші дәрежелі теріс мінез -құлық» бағасы дәрежеленген. Азаттыққа оның туысы Жанаргүл Боқаеваның айтуынша, оған Макстың колониядағы тексеру кезінде бас киімін шешуден бас тартқаны себеп болған.

- Мекеме әкімшілігі оған ішкі ереже барлығын айтқан. Макс өткен аптада Петропавл қалалық сотына ЕС -164\3 мекемесі қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тағы да шағым жолдады. 16 тамыз күні соттан оның шағымының Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасына тексеруге жіберілгені туралы хат алдым, -дейді Жанаргүл Боқаев.

Макс Боқаевтың адвокаты Айман Омарова оның тәртіптік жазаға тартылатыны туралы алдын ала белгілі болғанын айтады. Адвокаттың сөзінше, Боқаев оған тамыздын 6-сында өзін тәртіптік изоляторға жөнелтуі мүмкін екендігі туралы жедел хабарлама жолдап, себебін анықтауды сұраған.

- Біз ЕС -164\3 мекемесі әкімшілігіне Боқаевтың не үшін тәртіптік жазаға тартылғаны туралы түсіндіруді талап етіп, хат жолдадық, - дейді ол.

Адвокат Омарова жазасын өтеу мекемелеріндегі көптеген бұйрықтардың құпия ұсталатынын, сотталушылардың көбінің мекеме әкімшілігі сілтеме жасайтын әлдебір ішкі бұйрықтармен мүлдем таныспағанын айтады. Сондықтан олар сотталушыларды қалай жазалағысы келсе солай жазалайды деп санайды адвокат.

- Бірақ менің ойымша, бұл жазалаулардың бәрі Боқаевтың үйіне жақын маңға ауыстыру туралы талабын орындамау үшін әдейі жасалып отыр, - дейді Айман Омарова.

Азаттық тілшісі Макс Боқаев жазасын өтеп жатқан ЕС -164\3 мекемесіне қоңырау шалған еді. Тұтқаны көтерген мекеме кезекшісі Серік Мұхамбетов телефонмен жауап берілмейтінін айтып, жазбаша сауал жолдауды ұсынды.

Макс Боқаевқа бұған дейін де «үшінші дәрежелі теріс мінез құлық көрсетті» деген баға берілген. Ол биылғы қаңтарда 2017 жылғы желтоқсан айында түрмеде 25 градус суықта таңғы дене шынықтыруды жасаудан бас тартқаны үшін алты рет жазаға тартылып, тәртіптік оқшаулау камерасына қамалған.

Макс Боқаев 2016 жылғы Атыраудағы аса ауқымды жер реформасына қатысты митингілерден соң бес жылға сотталған. 2016 жылғы 28 қарашада Атырау қалалық №2 соты Боқаевтың жазасын Атыраудағы УГ 157\9 мекемесінде өтеуді белгілегенімен, 2017 жылғы 27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС -164\3 мекемесіне жөнелтілген. Содан бері Макс Боқаев та, оның туыстары да бұл ауыстырумен келіспей, бірнеше мәрте арызданған, алайда сот бұл арыздарды қанағаттандырмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG