Accessibility links

AI:Индонезия полициясы ондаған адамды атқан


Джакартадағы спорт кешендерінің маңында тұрған әскерилер. 16 тамыз 2018 жыл.
Джакартадағы спорт кешендерінің маңында тұрған әскерилер. 16 тамыз 2018 жыл.

Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Индонезия билігін адам құқықтарын бұзып жатыр деп айыптады.

Ұйым "Индонезия полициясы ақпан мен тамыз аралығында "Азия ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету" үшін жүргізілген операцияда 77 адамды атты" деп хабарлады.

"Азия ойындары бірнеше ай қалғанда билік қауіпсіздік шараларын күшейтеміз деп уәде берген. Бірақ оның орнына полиция адамдарды еш түсінік берместен атқан" дейді Amnesty International ұйымының Индонезия бойынша өкілі Усман Хамид.

Ұйым өкілінің сөзінше, атылғандардың көбі "ұсақ қылмыс" үшін жазаланған.

"Азия ойындарының алдындағы "қоғамдық қауіпсіздік" операциясы кезінде полиция тағы 44 адамның аяғынан атқан. 5000 адамды қамап, оның 700-іне қылмыстық айып таққан... Полиция операцияны өзіне бағынбаған, қару және пышақ ұстап жүрген, мотоцикл ұрлаған адамдарға қарсы ұйымдастырған" деп жазады құқық қорғау ұйымы өз мәлімдемесінде.

Amnesty International ұйымы халықаралық спорт ұйымдарынан адамдардың өліміне қатысты тексеру жүргізуді сұраған.

Джакартадағы Жазғы Азия ойындары 18 тамызда басталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан 430 спортшы қатысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG