Accessibility links

Азат Еуропа/Азаттық радиосы украиндық журналисті босатуды талап етті


Украиндық журналист, Азаттық хабарларының бірінің жүргізушісі Станислав Асеев. 2010 жыл
Украиндық журналист, Азаттық хабарларының бірінің жүргізушісі Станислав Асеев. 2010 жыл

Азат Еуропа/ Азаттық Радиосы украиндық журналист, Азаттық хабарларының бірінің жүргізушісі Станислав Асеевтің эфир арқылы жасаған “мәлімдемесіне” қатысты күмән келтіріп, оны жедел босатуды талап етті. Асеевті Ресей қолдауына ие Украинаның шығысындағы сепаратистер 2017 жылдан бері қамауда ұстап келеді.

Азат Еуропа/ Азаттық Радиосы мәлімдемесінде ресейлік “Россия-24” телеарнасында көрсетілген Асеев туралы сюжетке қатысты сұрақтар көп екенін жазады. Медиа корпорацияның жазуынша, сюжеттің қай уақытта түсірілгені, қандай жағдайда түсірілгені бұлыңғыр. Журналистке қандай да бір қысым көрсетілгені-көрсетілмегені сюжеттен анық көрінбейді.

Асеев туралы сюжет “Россия-24” арнасында 17 тамыз күні көрсетілді. Онда журналист "украиндық барлау қызметімен бірігіп жұмыс істегенін" айтады. Асеевті телеарнадан ұсталғаннан бері бірінші рет көрсетіп отыр.

Бұған дейін құқық қорғаушылар мен халықаралық баспасөзді қорғау ұйымдары бірнеше рет сепаратистер мен Ресейді Асеевті босатуға шақырған. Олар журналистің азапталуы мүмкін екенін де айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG