Accessibility links

Кофи Аннан қайтыс болды


Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан
Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Кофи Аннан 80 жасында қайтыс болды.

Аннан БҰҰ-ын басқарған алғашқы қара нәсілді азамат болды. Ол бас хатшы ретінде қатарынан екі мәрте сайланып, халықаралық ұйымды 1997-2006 жылдар аралығында басқарған.

Ол кейінірек БҰҰ-ның Сирия бойынша уәкілі ретінде қызмет атқарған. Аталған аймақта қақтығысты тоқтатып, бейбітшілік орнатуға күш салған.

Оның өліміне байланысты сенбі күні мәлімдеме таратқан Кофи Аннан қоры Аннанды “әлемдік деңгейдегі мемлекеттік тұлға” ретінде сипаттап, "өмір бойы әділетті және бейбіт әлем үшін күрескен" азамат деп атады.

“Қай жерде қасірет пен мұқтаждық болса, сол жерден табылып, адамдардың қасіретін терең түсініп, жанашырлықпен өзіне баурады. Ол өзгелерді өзінен бұрын қойды, оның әр істеген ісінен шын мейірім мен жылылық сезіліп тұрды” делінген мәлімдемеде.

Кофи Аннанның Біріккен Ұлттар Ұйымына бас хатшылық жасауы Ирак соғысы мен СПИД індетінің өрістеп тұрған шағымен тұспа-тұс келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG