Accessibility links

Азия ойындары. 19 тамызда балуандар медальға таласады


Қазақстан спортшылары Азия ойындарының ашылу салтанатында. 18 тамыз 2018 жыл
Қазақстан спортшылары Азия ойындарының ашылу салтанатында. 18 тамыз 2018 жыл

19 тамызда Джакарта мен Палембанг қаласындағы (Индонезия) Азия ойындарында алғашқы медальдар сарапқа салынады. Азиаданың бірінші күні қазақстандық балуандар, нысана көздеушілер мен таэквондошылар медальға таласады.

Еркін күрес. Жандос Исмаилов (57 кг), Саятбек Оқасов (65 кг), Данияр Қайсанов (74 кг), Әділет Даулымбаев (86 кг) және Бақытжан Әлментай (97 кг) медальға таласады. Белдесулер Астана уақытымен 12.00-де басталады. Финал кешкі 18.00-ге жоспарланған.

Нысана көздеу, пневматикалық мылтықпен 10 метрден ату. Аралас командалық жарыс. Қазақстан спортшылары Виолетта Старостина мен Алексей Клейменов қатысады. Іріктеу Астана уақыты бойынша 8.00-де, финал 12.00-де басталады.

Cемсерлесу. Тамара Почекутова мен Әйгерім Сарыбай - қылыш, әйелдер. Дмитрий Алексанин мен Руслан Курбанов - шпага, ерлер. Іріктеу кезеңдері таңғы сағат 8-де басталады. Финал 17.00-де өтеді.

Жүзу. Әділ Қасқабай - 200 метрге еркін әдіспен жүзу, ерлер. Аделаида Пчелинцева - 100 метр брасс, әйелдер. Іріктеу Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8-де, финал кешкі сағат 17.00-де басталады.

Таэквондо, пумсе - Руслан Манаспаев, жекелей сында медальға таласады. Қазақстан таэквондо құрамасы пумсе бойынша командалық сынға қатысады. Жарыс Астана уақыты бойынша сағат 9.00-де басталады.

Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы кезеңде Таиландпен (13.00) кездеседі. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгпен ойнайды (13.30). Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Солтүстік Кореямен (17.00) кездеседі.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Қазақстандық телеарналар жазғы Азиададан тікелей трансляция таратпайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG