Accessibility links

Джакартада жазғы Азия ойындары ашылды


Азия ойындарының ашылу салтанаты. Джакарта, 18 тамыз 2018 жыл.
Азия ойындарының ашылу салтанаты. Джакарта, 18 тамыз 2018 жыл.

18 тамызда Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Индонезия президенті Джоко Видодо, Азия олимпиада консулдығының президенті Шейх әл-Фахад әл-Сабах және тағы бірнеше елдің басшылары қатысты.

Командалар шеруі кезінде Қазақстан туын бокстан 2017 жылғы әлем чепионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл ұстап шықты.

Қазақстан делегациясы Азия ойындарының ашылу салтанатында. 18 тамыз 2018 жыл.
Қазақстан делегациясы Азия ойындарының ашылу салтанатында. 18 тамыз 2018 жыл.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Қазақстандық телеарналар жазғы Азиададан тікелей трансляция таратпайды.

Қазақстан жазғы Азия ойындарына тәуелсіз ел ретінде жетінші рет қатыспақ. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында бұл ел 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленген. Қазақстан Индонезиядағы Азия ойындарында Инчхондағы жетістігін қайталап, үздік төрттікке енуді жоспарлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG