Accessibility links

"Эхо Москвы" радиостанциясының Youtube-тағы каналын жойып жіберген


 “Эхо Москвы” радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов
“Эхо Москвы” радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов

Белгісіз біреулер ресейлік “Эхо Москвы” радиостанциясының Youtube-тағы аккаунтына бұзып кіріп, каналды өшіріп жіберген. Бұл туралы “Эхо Москвы” радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов хабарлады.

“Бізде 200 мың жазылушы болған. Жақында оларға қайта ораламыз. Мұңаймаңыздар” деп жазды Венедиктов сенбі күні тыңдармандарына қарата.

Сенбі, 18 тамыз күні радионың барлық трансляциялары “Эхо-общество” арнасына көшкен. Ал бүгін арна қайта қалпына келген. Бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG