Accessibility links

Путин Австрияның сыртқы істер министрінің тойына барған


Автрияның сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдың тойы. Австрия, 18 тамыз 2018 жы
Автрияның сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдың тойы. Австрия, 18 тамыз 2018 жы

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Австрияның сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдің тойына барған. Әуелі Грац қаласына ұшақпен жеткен президент сол жерден арнайы көлікпен қала маңындағы той өтетін мейрамханаға барған. Путин қалыңдыққа гүл шоғын сыйлаған.

Австрияның ультраоңшыл "Еркіндік" партиясының өкілі, Мәскеумен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайтын Карин Кнайсль бизнесмен Вольфганг Майлингерге тұрмысқа шыққан.

Бұған дейін кейбір австриялық ақпарат құралдары тойда Кубань казактарының хоры өнер көрсетеді деп хабарлаған. Бұл президент Путиннің Кнайсльге жасаған сыйлығы деп хабарланған. Әйткенмен тойда олардың өнер көрсеткені-көрсетпегені туралы нақты дерек жоқ.

Осы аптада хор өкілдерінің Венаға ұшып келгенін хабарлаған BBC хордың Венаға сапары үшін Ресей бюджетінен кемінде 1 миллион 800 мың рубль жұмсалатынын айтқан.

Хор басшылығы ақпарат құралдарына жауап бермеген. Кремль де бұған қатысты түсініктеме бермей отыр.

Кеше Путин Австриядан әрі қарай Германияға ұшып барған. Онда ол Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG